Главная » Фотоальбом » Средняя школа 5-11 » Информатика 7-10 » Информатика 9 – сынып

Информатика 9 – сынып

Информатика пәнінен 9 - сыныпқа арналған мультимедиялық оқытушы бағдарламасы (МОБ) Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ білім беретін және жалпыға міндетті Мемлекеттік стандартына сай өңделген.

9-сыныпқа арналған мультимедиялық оқытушы бағдарлама «Информатика» пәнінің оқу-тәрбиелік тапсырмаларының негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді: алгоритмдерді құру жолдарын үйрену және оларды жазуды, модельдеу негіздерімен танысу, сонымен қатар қазіргі уақытта кең таралған Паскаль бағдарламалау тілінің ерекшеліктерін де үйретеді.
Берілген мультимедиялық оқытушы бағдарламада электрондық пошта туралы жалпы мәліметтер және компьютерлік желінің негізгі түрлері қаралған.
Мультимедиялық оқытушы бағдарлама 34 түсіндірмелік анимациялардан және көрсетілімдерден, сонымен қатар 4 разделден, 22 интерактивті тапсырмалардан тұрады.
Интерактивті тапсырмаларды орындау кезінде оқушының танымдық іс-әрекетін басқару функциясы толық түрде іске асырылады.
Мультимедиялық оқытушы бағдарламасы оқу процесін жекешелеуге мүмкіндік береді және оқып – үйренуші қажет болған жағдайда слайдты тоқтатып, оның жеке көріністерін анықтап көре алады сонымен қатар келесі шығарылымдарды басқару мүмкіндігі бар.
Оқу материалын меңгеру деңгейінде өзін - өзі тексеру үшін 210 тест сұрақтары құрылған. Мультимедиялық оқытушы бағдарлама үйден оқитындардың өзіндік жұмыс жасауына арналған.
397 0 0.0

Добавлено 22.03.2014 Администратор

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]