Главная » Фотоальбом » Средняя школа 5-11 » Информатика 7-10 » Информатика 8 – сынып
Информатика 8 – сынып
Информатика бойынша 8-сыныпқа арналған қазақ тіліндегі электрондық оқулық (ЭО) Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартына сәйкес дайындалған.
ЭО-ны әзірлеудің модульдік технологиясы типтік оқыту бағдарламасы қойған «Информатика» пәнінің негізгі мақсаты мен оқыту-тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруға, оның ішінде: информатика мен есептегіш техника негіздерін, компьютердің арифметикалық және логикалық негіздерін, Windows операциялық жүйесін оқып үйренуге, Microsoft Office бағдарламаларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Теориялық мағлұматтар негізінен жан бітірімдік формада баяндалады. Оқу материалын мұндай көрнекілік түрде ұсыну пайдаланушы интерфейсі бағдарламаларымен жұмыс істеуді аса толық меңгертеді. Көру қатары мен дикторлық мәтін ақпараттың біртұтас ағынын құрайды да, оны оқушыларға түсінікті логикалық тізбекпен және түсінікті ырғақ бойынша үлестік-қадамдық әдіспен береді. Бұл әдіс материалды жақсы игеруге мүмкіндік туғызады.
ЭО сондай-ақ нақты практикалық машықтарды қалыптастыруға бағытталған, мектептің компьютерлік білім беру бағдарламасында қарастырылған демонстрациялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды.
8-сыныпқа арналған информатика бойынша электрондық оқулық 7 модульден тұрады. Алған білімдерді бекіту және оларды практикада қолдана білу 56 интерактивтік тапсырмалардың көмегімен орындалады. ЭО-мен жұмыс істеу кезінде оқушыларға қайта жауап беру мүмкіндігі беріледі де, оқушы бірнеше рет талаптанғаннан кейін тапсырманың дұрыс нұсқасын орындап шығады.
Оқу материалын меңгеру дәрежесін бақылау үшін жалпы базасы 206 тест сұрақтарын құрайтын тестілердің көмегімен жүзеге асады.

Всего комментариев: 2 | ||
| ||