Главная » Фотоальбом » Средняя школа 5-11 » Химия 8-10 » Химия 9 сыныпқа

Химия 9 сыныпқа

Компьютерлік бағдарлама Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беруге бағытталған Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бұл бағдарламада сіз 9-сыныпқа арналған «Химияның» толық курсы бойынша білім алып және тесттік сұрақтар негізінде алған білімдеріңізді нақты бағалай аласыздар.
Бағдарламаның мазмұны осы бағдарламаның мұғалім-авторы мен оқушы арасындағы тірідей қарым-қатынас жасау формасында құрастырылған. Оқу материалы мультимедиялық анимациялар көмегімен түсіндіріледі.
Мұндай көрнекілікті білім беру мүмкіндігі оқушының зат және оның қосылыстарының кеңістіктік құрылысын, олардың өзара әрекеттесулері кезіндегі химиялық процесстерді жақсы түсінуіне көмектеседі. Бағдарлама барлығы 30 түсініктеме және 8 демонстрациядан тұрады.
Маңыздылығы сол – бала түсініктемелерді толық меңгергенінше әлсін - әлі қайталап тыңдай алады, ал мұғалімннің түсініктемелерді сабақ сайын сол оқушыға түсіндере беруіне мүмкіндігі жоқ.
Бағдарлама оқу жоспары бойынша оқушының өз бетімен химиялық лабораториялық тәжірибелерді жүргіздіру барысында нақты практикалық қабілетінің қалыптасуына бағдарланған.
Біздің бағдарламаның көмегімен оқушы виртуальды химиялық тәжірибелерді үйінде жасауға және өз бетінше білімін қайталауға мүмкіндік алады!
Бағдарламада интерактивті тапсырмалар және сан есептері көмегімен химия пәні бойынша алған білімдерін бекіту қарастырылған.
«Жетістік шыңына» жету мақсатына сай оқушының бағдарлама бойынша қайталап жауабын табу мүмкіндігі бар, әрі бірнеше талпыныстан соң дұрыс шешуі немесе тапсырманың орындалуы беріледі.
Бағдарлама оқушының мектептегі химия пәнін оқып-үйренуіне және үйде өз бетінше жұмыс жасауына арналған.
506 0 0.0

Добавлено 22.03.2014 Администратор

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]