Главная » Фотоальбом » Средняя школа 5-11 » Геометрия 7-9 » Геометрия 9 сыныпта

Геометрия 9 сыныпта

Оқулықтың мазмұнын таңдауда мемлекеттік жаңа стандарт негізге алынған. Сондықтан оның мазмұны: «Жазықтықтағы векторлар», «Фигураларды түрлендіру», «Үшбұрыштарды шешу», «Көпбұрыштар», «Стереометрия элементтері» тарауларын қамтиды. Электрондық оқулықтың құрылымы мынандай негізгі бөлімдерден тұрады: модуль, гипермәтіндер, пысықтау тапсырмалары, тесттер. Гипермәтінде, ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып баяндалған тақырыпқа оқушының зер сала дайындалуына мұмкіндік бар. Анимациялар арқылы фигуралардың өзгеру, толығу моменттерінің динамикасы беріліп, оқушының кеңістікте елестетуін жеңілдетеді. Осы бір біріне тәуелсіз білімдердің көмегімен оқушы ақпараттар өрісінде өзін еркін сезіне алады.

Пысықтау тапсырмалары мен тесттер, оқушыға материалды өзіндік игеру дәрежесін тексеруіне, өтілген тақырыптарды пысықтауына және тапсырмалар мен тесттерді орындау нәтижесінде материалдарды игеру деңгейін байқауына және сәйкес материалдарға қайтып оралып дайындалуына мүмкіндіктер береді.
472 0 0.0

Добавлено 21.03.2014 Администратор

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]