Главная » Фотоальбом » Средняя школа 5-11 » География 6-10 » География 9-сынып

География 9-сынып

«География» пәніне арналған электрондық оқулық (ЭО) оқушылардың Алматы қаласындағы география пәнінің тәжірибелі мұғалімдерімен сұхбат сабағы болып танылады.
ЭО Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен мектеп оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.
Электронды оқулықтың мазмұны модульдік технология бойынша құрылған. Сондықтан да оқу ақпараты келесі тақырыптар бойынша географиялық білімдердің жүйесі «Қазақстанның экономикасы» ретінде модульмен берілген:

- Экономикалық аудан.
- Экономикалық-географиялық жағдай.
- Қазіргі әлемдегі Қазақстан.

География жөніндегі қажетті білім мен дағдыларын пысықтау үшін 9 интерактивті тапсырмалар және 14 практикалық жұмыс орын алған. Бағдарлама бойынша берілген тақырыптардың (барлығы 32) түсініктемелері диктордың мәнерлі дыбыстауымен сүйемелдене отырып, мультимедиалық анимациялармен түсіндіріледі. Мұнда маңыздысы, оқушы түсіндірулерді, берілген мағлұматтарды, тақырыптарды толығымен түсініп білгенше, қайталап қарастыра алатындығында. Ал, мектепте мұғалімнің бір тақырыпты бірнеше рет әр балаға қайталап түсіндіруге мүмкіндігі жоқ.
Оқулықта үйде немесе сыныпта таңдаған тақырыбына ой-толғау (эссе) түріндегі шығармашылық жұмыстарын орындау ұсынылады, оны принтерден шығарып, өзінің портфолиосында сақтауына болады.
Электрондық оқулық арқылы білім алу күрделілігіне қарай үш деңгейлі 200 тестілеу жұмыстарын орындаумен аяқталады. Графикалық нәтижені тек оқушылар өздері ғана емес, олардың ата-аналары да талдай алады. Компьютерлік оқыту үрдісі барынша қызғылықты, балалардың оқу материалдарын толық меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады.
1553 0 0.0

Добавлено 20.03.2014 Администратор

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]