Главная » Фотоальбом » Средняя школа 5-11 » Биология 6-11 » Биология, 11-сынып

Биология, 11-сынып

Электрондық оқулық эволюциялық ілім мен экологияның барлық негізгі түсініктерін қамтитын 6 модульден тұрады. Әрбір модуль өз кезегінде модуль тармақтарына бөлінеді. Үй жұмысын орындау кезінде оқушылар дыбысталу түрінде түсіндірілген оқулық тақырыптарын қажетіне қарай бірнеше рет қайталап тыңдай алады. Қосымша теориялық материал гипермәтіндер түрінде берілген. Сонымен қатар, әрбір модуль тармағы нәтижесі бірден көрінетін үш интерактивті тапсырмамен қамтамасыз етілген. Мұғалім бұл интерактивті тапсырмаларды сабақта тақырыпты бекіту үшін пайдалана алатынын айта кеткен жөн. Әрбір модульде тест сұрақтарының базасы болғандықтан, электрондық оқулық оқушы білімінің нақты көрсеткіші болып табылады. Жауап бергеннен кейінгі нәтиже ұпайлар түріндегі диаграммалармен бейнеленеді. Бұл ата-аналарға балаларының оқу кезіндегі жетістігін бақылауға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықта 5 зертханалық жұмыс бағдарламаланған. Оқушылардың оларды өз бетімен орындау теориялық білімдерін тереңдетіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Эволюциялық ілімнің кейбір тақырыптарын 3 оқу фильмі толықтыра түседі. Аталмыш электрондық оқулықтың тағы бір ерекшелігі болып үлгісі жөнінен ҰБТ-дің жауап парақтарын еске түсіретін биологиядан тестілеуіш саналады.
Электрондық оқулық жалпы орта мектеп оқушыларының үйде жеке компьютерлерінде жұмыс істеу үшін және ҰБТ-ге дайындалу кезінде талапкерлерге арналған. Мұғалімдер үшін электрондық оқулық керемет дидактикалық материал болып табылады.
598 0 0.0

Добавлено 22.03.2014 Администратор

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]