Главная » Фотоальбом » Средняя школа 5-11 » Биология 6-11 » Биология, 10-сынып
Биология, 10-сынып
Курс модульдік негізде құрылғандықтан, жалпы биологияны оқыған кезде мектеп оқулықтары және ЖОО-на түсушілерге арналған оқу құралдарымен үйлесімде қолдануға мүмкіндік береді. МОБ-ның модульдік мазмұны «Цитология негіздері», «Ағзалардың көбеюі мен жеке дамуы», «Генетика мен сұрыптау негіздері» бөлімдерінен тұрады. МОБ бейнероликтерді, биологиялық терминдер мен түсініктер туралы әдістемелік және анықтама материалдарды, анимацияларды, генетиканың даму тарихынан мағлұматтарды, интерактивті тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды, әр модульге арналған қорытынды тест жұмыстарын қамтитыды. «Жалпы биология 10-сынып» МОБ жоғары сынып оқушылары биологиялық білімдерінің қалыптасуына, биологияға қызығушылықтарын арттыруға, қоршаған ортаға қамқоршы болуға тәрбиелеуге септігін тигізеді. 10-сыныпқа арналған мультимедиялық оқу бағдарламасы (МОБ) жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларына арналған; биология сабақтарында қосымша оқыту әдісі, дидактикалық материалдар көзі ретінде де, оқушылардың өзіндік жұмысына, сонымен қатар талапкерлердің мемлекеттік емтихандарды тапсыру кезінде де пайдаланылуы мүмкін.
Всего комментариев: 0 | |