Главная » Фотоальбом » Средняя школа 5-11 » Қазақ әдебиеті 5-11 » Қазақ әдебиеті 8 сыныпта

Қазақ әдебиеті 8 сыныпта

Электронды оқулық жалпы білім беретін орыс, ұйғыр, өзбек тілді мектептердің 8-сыныпқа арналған бағдарламасы негiзiнде жасалған. Оқулық 3 модульді қамтиды. Атап айтар болсақ:
1-модуль. Халық ауыз әдебиеті. Бұл модульде Ауыз әдебиетінің бір түрі – ғашықтар жырының озық үлгісі «Қыз Жібек» жыры берілген. Жырға қатысты «Жырдағы Жібек бейнесі», осы тақырыптар бойынша тапсырмалар және тест сұрақтары (екі деңгейде) берілген.
2-модуль. ХІХ ғасыр әдебиеті. Бұл модульде Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы қамтылған. Олардың шығармашылығы мен өмірі қарапайым әрi ғылыми негiзде баяндалған.
3-модуль. ХХ ғасырдағы әдебиет. Әдебиет өкілдері: Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталып, Мағжан Жұмабаев, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев сынды әдебиет майталмандарын қарастырады.
Әрбір сабақтың құрылымы бір типті: жан бітірімді материалдармен жабдықтандырылған теориялық материал, бақылау сұрақтарымен, сөзжұмбақтармен бекітіледі. Әрбір модульді оқушыға тестілеуші бағдарламаның басқаруымен тестілер жинағын шешу ұсынылады. Жан бітірімді және интерактивті – электронды материалдар тұлғаларға байланысты бейнеүзінділер арқылы түсіндіреді.
Оқулықтың мақсаты оқырманның бiлiм деңгейiн тереңдетiп, оны қазiргi кезде елiмiзде дамып келе жатқан iзденiп оқып, үздiксiз бiлiм жинақтау принципiне бейiмдеу.
Оқулықты құрастыру барысында автор оқыту процесiндегi сабақтастық, iргелестiк принциптерiн ескеруге тырысқан. Оқулықта келтірілген тестілер, тапсырмалар мен сөзжұмбақтар қазақ әдебиеті пәнi бойынша тестiлеу сынақтарына дайындалуда зор пайда келтiредi.
436 0 0.0

Добавлено 22.03.2014 Администратор

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]