Главная » Фотоальбом » Средняя школа 5-11 » Қазақ әдебиеті 5-11 » Қазақ әдебиеті, 5-сынып

Қазақ әдебиеті, 5-сынып

«Қазақ әдебиеті» пәніне арналған электрондық оқулық (ЭО) оқушылардың Алматы қаласындағы әдебиет пәнінің тәжірибелі мұғалімдерімен сұхбат сабағы болып танылады.
ЭО Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен мектеп оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.
Электрондық оқулықтың мазмұны модульдік технология бойынша құрастырылады, сондықтан оқу ақпараттары «Ауыз әдебиеті және XIX–XX ғғ. әдебиеті» модулі бойынша әдебиеттанымдық білімдер жүйесінің жиынтығы негізінде берілген. Бағдарлама бойынша берілген әдебиеттанымдық тақырыптар, әдебиет теориясы, әдеби жанрлар (барлығы 18) түсініктемелері диктордың мәнерлі дыбыстауымен сүйемелдене отырып, мультимедиалық анимациялармен түсіндіріледі. Көне дәуірден бері дамып келе жатқан қазақ әдебиеті жөніндегі қажетті білім мен дағдыларын пысықтау үшін 32 интерактивті тапсырмалар орын алған. Электрондық оқулықта тапсырмаларды орындау үшін мектеп бағдарламасына орай қазақтың белгілі 33 ақын-жазушыларының шығармалары, қысқаша өмірбаяндары берілген. Оқулықта үйде немесе сыныпта таңдаған тақырыбына шығарма және ой-толғау (эссе) түріндегі шығармашылық жұмыстарын орындау ұсынылады, оны принтерден шығарып сақтауға болады.
Электрондық оқулық арқылы білім алу күрделілігіне қарай үш деңгейлі тест жұмыстарын орындаумен аяқталады. Нәтижесіне тек өздері ғана емес олардың ата-аналары да көз жеткізеді.
Оқу үрдісін анимацияланған «Ана» кейіпкері жүргізеді, ол үнемі баласымен өзара қарым-қатынас жасап, түсіндіріп отырады. Сондықтан компьютерлік оқыту үрдісі барынша қызғылықты, балалардың оқу материалдарын толық меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады.
1214 0 0.0

Добавлено 22.03.2014 Администратор

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]